Степногорскте сатушы әйел дүкенді тонамақ болған қарақшыны қуып шықты (видео)
Степногорскте сатушы әйел дүкенді тонамақ болған қарақшыны қуып шықты (видео)
109
оқылды
Ақмола облысында полицейлер дүкенді тонауға әрекеттенген қаскүнемді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 10 тамызда болған. Полицияға 40 жастағы сатушы әйел хабарласып, таңертең белгісіз ер адам бұрыш спрейін қолданып, дүкенді тонамақшы болғанын айтқан. Алайда, дүкен қызметкері қарсылық танытып, қарақшыны дүкеннен қуып шыққан. Полиция өз кезегінде күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол бұрын Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотталған 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 191-баптың 3-бөлігі 3-тармағы, 24-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті қаладағы компьютерлік клубтардың бірінен табылады. Сонымен қатар оның қалтасынан тексеру кезінде пышақ пен ақша шыққан. Кейін ер адам өз кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. https://www.youtube.com/watch?v=I4v0s9_Fn7E