Нұр-Сұлтанда жұмысшы ақша салынған сейфті терезеден лақтырып жіберген
Нұр-Сұлтанда жұмысшы ақша салынған сейфті терезеден лақтырып жіберген
132
оқылды
Нұр-Сұлтанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген 25 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Полиция департаменті қызметі. Ведомство хабарына қарағанда, жәбірленуші 25 жастағы жұмысшыны пәтеріндегі жөндеу жұмыстарын жасауға шақырған, біраз уақыт жұмыс істеген жігіт балкондағы сейфті байқап, оны ашпақ болған.
"Сейфте көп ақша болуы мүмкін, есігі ашылады деген үмітпен, оны 7-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Кейін өзі пәтерден асығыс шығып кеткен. Оқиға орнына келіп, сейфтің ашылмайтынына көзі жеткен соң қашып кеткен. Бұл туралы полицияға куәгерлер хабарлады. Сейфте 4 500 АҚШ долларына жуық ақша және құжаттар болғаны анықталды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.