Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды
Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды
Фото: vesti.kz
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азия чемпионы атанды. Бұл туралы чемпионның өзі Instagram парақшасында жазды.
«Бүгін әйелдер арасында Азия чемпионы атағын жеңіп алдым! Бұл менің әйелдер арасындағы алғашқы атағым! Қолдауларыңыз үшін  үлкен рақмет. Бәріңізді жақсы көремін, Сара», – деп жазды.
Турнир 2021 жылдың 23-25 тамызы аралығында Тornelo ойын платформасында өтті. Чемпионатқа 15 Азия елінен 74 ойыншы қатысты, оның ішінде 9 Халықаралық әйелдер гроссмейстері, 8 халықаралық шебер және 22 әйел шахматшы бар.