Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының сегіз спортшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл күндері Дубайда (БАӘ) жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 2005-2006 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысуда. 52 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Бузургмехр Иксанов (Тәжікстан) - 3:2 54 келіге дейін: Адай Ниязбай - Чиринг (Непал) - үшінші раунд DSQ. 57 келіге дейін: Бахтияр Анарбаев - Шахбоз Дадажонов (Тәжікстан) - 5:0. 52 келіге дейін: Томирис Мырзақұл - Лазиза Юсупова (Өзбекстан) - 5:0 60 келіге дейін: Асем Таңатар - Мариам Мохаммед (Ирак) - 5:0 Құрлықтық доданың финалына Ақжан Түркістанова (75 келіге дейін) және Шұғыла Рысбек (81 келіден жоғары) мерзімінен бұрын жолдама алды.