Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Қаулы бойынша, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етіледі. Білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген: - педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда); - ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтерды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу); - маска режимін сақтау; - рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету; - үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру; - үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; - педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия); - бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.); - мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; - зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; - бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту.