БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тоқтатқан кезде рөлде М. деген азамат болған.
Мас күйінде қолға түскендіктен, ол мәселені шешпек болып, полицейлерге 5 мың теңге ұсынған. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 367-бабына (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ол сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына (жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы) сәйкес жауапқа тартылады.