Шымкентте мемлекеттік қызметкер сотталды

Шымкентте мемлекеттік қызметкер сотталды

Шымкент қаласында Салықты бақылау бөлімінің басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Ол әріптесіне “соңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері түсті” деп алдап, 5 млн теңге берсе, мәселені дер кезінде шешіп беретінін айтқан.

Дегенмен әріптесі бірден жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласып, мән-жайды түсіндіреді. Осыған байланысты әл-Фараби аудандық соты мемлекеттік қызметкерге қатысты үкім шығарды. Сотта прокурорлар алаяқтық әрекет жасаған бөлім басшысын 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен,  сот оған 150 млн теңге айыппұл салды.

Сонымен қатар айыпталушы бұл соманы 3 ай көлемінде өтеуге тиіс. Енді ол өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайды.