Білім басқармасы желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді
Білім басқармасы желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді
©sputnik.kz
132
оқылды

Астаналық білім басқармасы Оқушылар сарайының алдына жиналған ата-аналарға қатысты түсініктеме берді.

Балаларды үйірмеге жаздыруға арналған сайт істен шыққан. Осыдан кейін ата-аналар Оқушылар сарайының алдында кезекке тұруға мәжбүр болды.  Сондықтан ведомство ата-аналар онлайн тіркелуге тиіс болғанын хабарлады.

"Интернет жоқ болғандықтан, үйірмелерге жазыла алмаған ата-аналар Оқушылар сарайына келді. Мұны ескере отыра, оқушылар сарайының қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтай отыра келушілерді қабылдады. Компьютерлер қойылып, қызметкерлер ата-аналарға кеңес берді", - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы секцияларға жазылу 25 тамыздан басталатынын хабарлаған еді. Баланы үйірмеге MINDAL порталы арқылы онлайн жаздыру ұсынылды. Қандай да бір сұрақтар туындаса, Оқушылар сарайына келуге кеңес берді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)