Астаналық білім басқармасы Оқушылар сарайының алдына жиналған ата-аналарға қатысты түсініктеме берді.
Балаларды үйірмеге жаздыруға арналған сайт істен шыққан. Осыдан кейін ата-аналар Оқушылар сарайының алдында кезекке тұруға мәжбүр болды. Сондықтан ведомство ата-аналар онлайн тіркелуге тиіс болғанын хабарлады.
"Интернет жоқ болғандықтан, үйірмелерге жазыла алмаған ата-аналар Оқушылар сарайына келді. Мұны ескере отыра, оқушылар сарайының қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтай отыра келушілерді қабылдады. Компьютерлер қойылып, қызметкерлер ата-аналарға кеңес берді", - делінген білім басқармасының хабарламасында.
Бұған дейін Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы секцияларға жазылу 25 тамыздан басталатынын хабарлаған еді. Баланы үйірмеге MINDAL порталы арқылы онлайн жаздыру ұсынылды. Қандай да бір сұрақтар туындаса, Оқушылар сарайына келуге кеңес берді.