Ауғанстан азаматы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды
Ауғанстан азаматы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды
©tengrinews.kz
228
оқылды

Ауғанстанның 40 жастағы азаматы Афиныдағы АҚШ елшілігі алдында өзін өртеп жібермек болды.

"Ethnos" басылым мәліметінше, ер адам үстіне бензин секілді сұйықтық құйып, өзін өртемек болған. Оны полицейлер байқап, өзін-өзі өртеу әрекетін болдырмады.
Оның әрекетінің мән-жайын анықтау үшін ауған азаматы мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне жеткізілді.
БАҚ мұны АҚШ-тың Ауғанстандағы ұстанымына жауап ретінде жасады деп болжайды.
АҚШ әскері Ауғанстаннан кеткеннен кейін, 15 тамызда "Талибан" содырлары (Жоғарғы Соттың шешімімен Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігі құрылғанын жариялап, елдегі билікті қолына алған болатын.