Ақмолада «Көкшетау» МҰТП аумағында алапат орман өрті болды
Ақмолада «Көкшетау» МҰТП аумағында алапат орман өрті болды
197
оқылды

Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің Грибновское орман шаруашылығы аумағында алапат өрт тұтанып, оны сөндіруге жүзден астам адам мен өрт сөндіруші десанты бар тікұшақ қатысты.

Мемлекет бақылауындағы орманның өрті аса күшті болғаны соншалық тілсіз жаумен күреске жеке құрамның 20 өрт сөндіру техникасы, 1 тікұшағы және 142 сарбазы, орман шаруашылық мекемелерінің 6 бірлік техникасы мен 54 жұмысшысы, «Қазақ әуе орман күзеті» АҚ-ның 1 тікұшағы, жергілікті атқарушы органдардың 7 техникасы мен 33 қызметкері, ерікті өрт сөндіруші құрылымдардың 2 техникасы мен 4 адамы жұмылдырылған.
Ақмола

«Желдің қатты соғуынан өрт күшейіп, ағаштың басына дейін көтерілді. Сол себепті де өрт сөндіру қиынға соқты. Дегенмен дер кезінде жедел әрекет етудің арқасында кешкі сағат 18.50-де өрт сөндірілді.  Ормандағы өрт шарпыған аумақ 7 гектарға жетті», - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Ақмола
Әзірге ормандағы өрттің шығуы – қасақана жасалды деген болжам жасалды. Қазір өрт болған аумақта Зеренді ауданының полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында ауа температурасының ыстық болуына байланысты өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталып отыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 
Ақмола облысы