Бір жылда қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 27 пайызға өсті
Бір жылда қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 27 пайызға өсті
©okg.kz
189
оқылды

Бір жыл ішінде білім саласы қызметкерлерінің жалақысы бірден 27%-ке артты. Осы жылдың екінші тоқсанында мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгеге жеткен. Былтырғымен салыстырғанда 26,8%-ке көп.

Ranking.kz мәліметінше, балабақша қызметкерлері орта есеппен 116,4 мың теңге, бастауыш білім — 193,4 мың теңге, орта білім — 273,7 мың теңге, жоғары білім 251,7 мың теңге жалақы алды.
Өңірлер арасында ең жоғары жалақы елордалық мұғалімдерде – 350,8 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 17,6%-ке артық.
Екінші және үшінші орындарға Маңғыстау облысы (268 мың теңге) мен Алматы қаласы (265,5 мың теңге) жайғасты. Ең төмен айлық Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр – 200,7 мың теңге.
Басылым ақпаратынша, Қазақстанның тек бес өңірінде мұғалімдердің жалақысы республикадағы орташа еңбекақыдан асады. Үздік бестікке Қызылорда мен Алматы облыстары да кірді.
Білім министрлігі келесі жылдан бастап балабақша, мектеп пен колледж мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 процентке өсетінін хабарлаған болатын.