Азиялық Қауымдастықтың Бас хатшыларының отырысы өтті
Азиялық Қауымдастықтың Бас хатшыларының отырысы өтті
148
оқылды

2021 жылғы 26 тамызда бейнеконференция режимінде Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің осы ұйымдағы төрағалығы шеңберінде Азиялық Конституциялық соттар және балама институттар Қауымдастығы Бас хатшыларының отырысы өтті.

Отырысқа Әзербайжан, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мальдивтер, Мьянма, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан конституциялық бақылау органдарының Бас хатшылары қатысты. Іс-шараның модераторы Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов болды.

Кездесуге қатысушылар Қауымдастық мүшелері аппараттарының тұрақты негізде сындарлы өзара іс-қимылы оның дамуына, әсіресе, COVID-19 жаһандық пандемиясы кезеңінде, елеулі үлес қосатынын атап өтті.

хатшы Делегаттар Мүшелер кеңесінің отырысында қабылдауға жоспарланған құжаттардың жобаларын, Иордания Конституциялық сотын Қауымдастыққа қабылдау, төрағалық миссиясын Моңғолия Конституциялық сотына беру мәселелерін талқылады. Индонезияда, Кореяда және Түркияда орналасқан Қауымдастықтың тұрақты хатшылықтары қатысушыларды жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.