2021 жылғы 26 тамызда бейнеконференция режимінде Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің осы ұйымдағы төрағалығы шеңберінде Азиялық Конституциялық соттар және балама институттар Қауымдастығы Бас хатшыларының отырысы өтті.
Отырысқа Әзербайжан, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мальдивтер, Мьянма, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан конституциялық бақылау органдарының Бас хатшылары қатысты. Іс-шараның модераторы Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов болды.Кездесуге қатысушылар Қауымдастық мүшелері аппараттарының тұрақты негізде сындарлы өзара іс-қимылы оның дамуына, әсіресе, COVID-19 жаһандық пандемиясы кезеңінде, елеулі үлес қосатынын атап өтті.