Шуда полиция қызметкерлері көлікпен кетіп бара жатқан екі ер адамды ұстады

Шуда полиция қызметкерлері көлікпен кетіп бара жатқан екі ер адамды ұстады

Жамбыл облысында  екі тұрғыннан 12,5 келіден астам “кептірілген марихуана” табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 22 тамызда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 5517 әскери бөлімімен бірлесіп, Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ВАЗ-21015 маркалы автокөлігін тоқтатқан. “Черныш” атты қызметтік иттің көмегімен автокөлікті тінту барысында жергілікті тұрғындар – 49 және 35 жастағы жолаушылардан екі полиэтилен қапқа салынған, жалпы салмағы 12,5 келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп сөзін түйіндеді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
https://www.youtube.com/watch?v=BpKg2Id3wfM