Халықтың 4 миллион теңгесін жымқырған «Хоум Кредит Банк» қызметкері құрықталды
Халықтың 4 миллион теңгесін жымқырған «Хоум Кредит Банк» қызметкері құрықталды
©Радмир Фахрутдинов
164
оқылды
Тараз қаласында «Хоум Кредит Банк» қызметкері келушілердің сеніміне кіру арқылы 4 миллион теңгені жымқырған. Тараз қаласының тәртіп сақшыларының көмегімен ұсталған күдіктінің үстінен қазір 21 дерек бойынша іс қозғалуда. Жалпы полиция бөліміне Жамбыл облысына қарасты бірнеше аудан тұрғынынан 2020-2021 жылдар аралығында «Хоум Кредит Банк» қызметкеріне алданғандары туралы шағым түскен. Арызданушылардың барлығы «Технодом» сауда үйінде орналасқан банк бөлімшесіндегі 27 жасар маманды көрсеткен. Тексеру барысында несие беру бөлімінің қызметкері келушілердің сеніміне кіріп, оларға ұялы телефонды рәсімдеу барысында бірнеше заң бұзушылыққа жол бергені анықталған. Нәтижесінде 4 миллион теңге қолды болған. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Оның басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы