Ресей ІІМ қашқын Қазақстан тумасын тауып бергендерге сыйақы жариялады
Ресей ІІМ қашқын Қазақстан тумасын тауып бергендерге сыйақы жариялады
© pexels.com
217
оқылды
Ресей Ішкі істер министрлігі уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен Қазақстан тумасы Александр Мавридиді ұстауға көмектескендерге 1,5 миллион рубль сыйақы тағайындады. МВД Медиа сайтында хабарланғандай, Мавридидің қазір қайда екені белгісіз. Адамды өлтіруге күдікті Мавридиді ұстауға көмек көрсеткен адам  1 500 000 рубль (шамамен 8,6 млн теңге) алады.
"Күдіктіге қатысты қандай да бір хабары бар адамдарды полиция 02, (495) 994-50-64, (495) 609-77-06 нөміріне хабарласуды сұрайды. Хабарлағандарға қатысты құпиялылық пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі", – деп хабарлады  ведомстводан.
Қазақстан тумасы Александр Мавриди "шұжық королі" Владимир Маруговты 2020 жылғы қарашада өлтірді деген күдікке ілінді. Биыл 6 тамызда Мавриди Мәскеу маңындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Содан бері қылмыскер іздестіріліп жатыр.