Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматы мектептеріндегі карантин талабы анықталды
Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматы мектептеріндегі карантин талабы анықталды
© azattyq-ruhy.kz
91
оқылды
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.
«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», – деп жазылған қаулыда.
«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген: ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысының 1,2 және 3- қосымшаларындағы талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды; – педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, адамдар COVID-19-бен ауырып сауыққаннан кейін 3 ай ішін қоспағанда); – ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтерді, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу); – маска режимін сақтау; – рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті көлемде қамтамасыз ету; – үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру; – үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; – педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия); – бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т.б.); – мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; – зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; – бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту; – асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларымен қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастырудағы бақылауды күшейтуді тапсырамын», – деп атап өтілген қаулыда. Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.