Қазақстан қазынасынан 1 миллион доллар мен 40 миллион теңге ұрлаған ресейлік әйелден қанша қаражат өндіріліп алынғаны белгілі болды
Қазақстан қазынасынан 1 миллион доллар мен 40 миллион теңге ұрлаған ресейлік әйелден қанша қаражат өндіріліп алынғаны белгілі болды
© vesti-omsk.ru
123
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан ірі көлемдегі сома – 1 миллион АҚШ доллары және 40 миллион теңге ұрлады деп айыпталып, бұл қылмысына қатысты 16 жылдан кейін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған Светлана Киршовадан Қазақстан тарапы қанша ақша өндіргені анықталды.
Қылмыскерлердің аталған қаражатты 2003 жылы Су ресурстары комитетінің есепшотынан ұрлағаны белгілі болды. Ол кезде комитет Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болған. 2019 жылдың маусымынан бастап Елбасының жарлығы бойынша Су ресурстары комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қарамағына берілді. Экология министрлігінің tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша ақшаның бір бөлігі қайтарылған.
«Залал ретінде барлығы 500 миллион теңге талап етілді. Бұған дейін Киршованың екі серіктесі сотталды. Тергеу жүргізу кезеңінде 2003 жылғы 18 тамыздан 2012 жылғы 22 ақпанға дейін 368 миллион теңге өндірілді. 132 миллион теңгені қайтару қалды. Киршованы 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айырған сот отырысында біз бұл соманы жарияладық. Бірақ біздің мәселе бойынша шешімді әлі білмейміз. Сот электронды түрде мұндай ақпаратты бермейді. Пошта арқылы жіберілген», – деді хабарлады ведомстводағылар.
Қылмыстық топ Қазақстанда біркүндік фирма құрып, Киршованың төлқұжаттық деректері негізінде сыңарының жалған құжаттарын дайындаған. Бұл құжаттардың көмегімен 2003 жылы Қазақстанда қазынашылық басқармаға жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, Светлана тек Қазынашылықта жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар жұмыста қызметі өсіп, ақшаны жалған шотқа аударуға мүмкіндік туған. Тексеру басталғаннан кейін қыз жоғалып, 16 жыл бойы органдардан жасырынып жүрген. Киршова Белгородта ұсталды. Светлана Киршованың болжамды серіктестері де сотталды.