Коронавирустан қайтыс болған ер адам вакцинаның екінші дозасын өлген соң "алған"
Коронавирустан қайтыс болған ер адам вакцинаның екінші дозасын өлген соң "алған"
pnp.ru
157
оқылды
Коронавирустан қайтыс болған ер адам вакцинаның екінші дозасын өлімі тіркелген соң алған, – деп хабарлады Polisia.kz. Қарағанды облысы Полиция департаменті медицина қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 385-бабы "Ресми құжаттарды қолдан жасау және сату" бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Бұл фактіні  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында көз жұмғандарды тексеру кезінде анықтады.
–Теміртау қаласының 59 жастағы тұрғыны инфекциялық ауруханаға жатпас бұрын вакцинаның бірінші компонентін алғаны белгілі болған. 5 күн өткен соң ол коронавирустан қайтыс болды.  Алайда ол көз жұмған соң бір күн өткеннен кейін базада ер адамның вакцинаның екінші дозасын алғаны туралы дерек пайда болды. Осыдан кейін оның вакцина салдырғаны күдік тудырды, – деді Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы  Алмаз Саламатов.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті инстанцияларға сұрау жіберілді.