Африкадағы Франция елшілігіне оқ атылды: 4 адам қаза тапты
Африкадағы Франция елшілігіне оқ атылды: 4 адам қаза тапты
Фото: reuters
137
оқылды
Африканың шығысында орналасқан Танзания еліндегі Франция елшілігінің күзетшілері мен полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу оқ атты. Атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, алты адам зардап шекті, – деп хабарлайды France24.
Танзания президенті Самия Хасан Сулуху Twitter желісінде қылмыскердің көзі жойылғанын хабарлады.
«Мен қаза тапқан үш полицей мен қауіпсіздік қызметі офицерінің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Олар Дар-эс-Саламдағы Саленда ауданында қарулы ер адамның шабуылы кезінде мерт болды», – деп жазды Танзания президенті.
Қылмыскердің неліктен бұл әрекетке барғаны әзірге белгісіз.