«Азия чемпионаты»: Ислам Советов қарсыласын жеңіп, финалға шықты
«Азия чемпионаты»: Ислам Советов қарсыласын жеңіп, финалға шықты
Фото: sports.kz
138
оқылды
Қазақстандық боксшы Ислам Советов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жек өткізді. Жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 ж. т. боксшылар) 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Советовтың жартылай финалдағы қарсыласы тәжікстандық Юсуф Фозилов болды. Жекпе-жек Советовтың айқын жеңісімен аяқталды – 5:0. Үшінші раундта қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсірді. Осылайша, Ислам Советов жасөспірімдер біріншілігінің финалына шығып, алтын медаль үшін таласады.