Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады
Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады
©REUTERS
148
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.
«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын! Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін», - деп жазды ҚР Президенті Тwitter-де.