Таразда автокөлік және пойыздар қозғалысы шектелді
Таразда автокөлік және пойыздар қозғалысы шектелді
Фото: tengrinews.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстарға байланысты жолдарға шектеу қойылғанын мәлімдеді.
"Байзақ ауданы Жаңатұрмыс кентіндегі Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөліміндегі жарылыстарға байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 476-шы шақырымында жол қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс Тараз жағынан 505-ші шақырым және Ақшолақ кенті тарапынан 474-ші шақырым (Жібек жолы бұрылысы) жабылған.
Жолаушылар мен жүк тасымалдаушы пойыздардың қозғалысы да тоқтатылған. «Қазіргі таңда Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 пойыздары мен тағы 14 жүк пойызы уақытынан кешігеді», – деп жазды өзінің Facebook парақшасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өкілі Қайсар Жұмабайұлы.