Баспана мәселесін талқылады
Баспана мәселесін талқылады
121
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ба­тыс Қазақстан облыстық фи­лиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Мұрат Мұ­қаев түрлі мәселелер бойын­ша тұрғындарды қа­был­дады.

Қабылдауға бірнеше жыл бойы көрші үйлердің кәріз жүйе­­сінің дұрыс орналастырыл­мау салдарынан жапа шегіп жүр­ген облыс тұрғыны келді. Тұр­­ғын­ның айтуынша, облыс­тың жергілікті атқарушы ор­ган­дарына бірнеше рет барып, кө­мек сұраған. Бірақ әлі күнге дейін көңіл көншітерлік еш­қан­дай шара қолданбағаны белгілі бол­ды. Бұл жолы партия тара­пы­нан көмек болар деп, өті­ніш­пен келген. Мұрат Рахметұлы тұр­­ғынның барлық байланыс де­ректерін жазып алып, жауап­ты мемлекеттік органдарға сауал жолдап, аталған мәселені өз ба­­­қылауына алатынын жеткізді. Сондай-ақ қабылдауға от­ба­сылық жағдайға байланысты тұр­ғын үй мәселесімен егде жас­тағы кейуана да келді. Тұр­ғын­ның айтуы бойынша, шамамен бір жыл бойы жақын туыстарын­да тұрақтаған. Жәнібек ауда­ны­ның тұрғыны болғандықтан Мұ­рат Мұқаев сол ауданның әкім­дігіне хабарласып, барлық дерек­терді анықтады. Жалпы, тұрғын үй мәселесімен бас сұқ­қандардың қатары көп болды. Мәселен, тұрғын үй мәселесімен тағы бір жалғызбасты ана, зей­неткер келген. Бірнеше жыл бұ­рын баласы өмірден озған, жол­дасы да ертеректе көз жұ­мып­ты. Алып отырған зейне­та­қысы пәтер жалдаудан аспайды. Үй иелері күзде жалдап отырған пәтерін босатуын талап еткен. Тұрғынның мәселесін толы­ғы­мен тыңдап, барлық мән-жайды біл­геннен кейін партияның об­лыстық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары қала әкім­дігі мен ТҮКШ бөліміне сауал жол­дады. Қабылдауға келесі болып бас­­­­панасыз қаламын деп қауіп­тенген екі баланың қамқоршысы келген. Жетім қалған балаларға мемлекет тарапынан үй беру мүм­кіндігі бар екені белгілі бол­ғанымен, қағаз жүзінде барлығы да жақсы бола тұра, үйіне кіре алмай жүргені белгілі болды. Нақ­тырақ айтсақ, Хан тоғайы жақта жолдасынан қалған үйі 1995 жылы салынған екен. Атал­ған үйде 2013-2014 жыл­дарға дейін тұрған. Балаларының уни­верситетке оқуға түсуіне бай­ла­нысты қалаға уақытша қоныс аудар­ған. Ал биыл Хан тоғайына барған кезде үйін бұзып тас­та­ғанын көрген. Ендігі кезекте үй­дің құжаттары қолында бола тұра, не аталған жер учаскісіне үй сала алмай, не категория бойын­­ша үй кезегіне тұра алмай жүр­геніне 8 жыл толып отыр. Мұрат Рахметұлы барлық жауап­­ты органдардың өкілдері­нің қатысуымен партия алаңын­да кеңейтілген отырыс өткізуді ұсынып, тұрғынға заңнамалық тұрғыдан кеңестер берді. Бұдан бөлек, тағы бір тұрғын то­лық емес категориясы бойын­ша әкімдік тарапынан алған уа­қытша жалдамалы үйдің жағ­дайына көңілі толмайтынын жет­кізді. Мысалы, тұрғын үйге газ құбырлары толық орна­тыл­маған. Көмек сұраған аза­мат­тың бар­лық байланыс дерек­тері жа­зылып, консультативтік және заңнамалық тұрғыдан кеңес бе­рілді. Егер осындай заң­сыз­дыққа тап болып, кө­мек­ке зәру бол­ған жағдайда пар­тия өкілдері қа­былдау жүр­гі­зіп, қол ұшын созуға дайын екен­дерін айтты.

М.ХАҚНАЗАР