Астық жинауды сапалы ұйымдастыруды тапсырды

Астық жинауды сапалы ұйымдастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Ауыл шаруа­­­шылығы министрінің мін­детін атқарушы Ербол Қара­шө­кеев­­ті қабылдады. Бұл туралы Ақор­­даның баспасөз қызметі х­а­бар­лады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елі­міздегі агроө­нер­кәсіп кешенінің қа­зіргі жағдайы мен саланы тұ­рақ­ты дамытуға бағытталған жүйе­лі жұмыстар туралы баян­­далды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мем­­­­лекеттік қолдау ша­ралары мен субсидиялау тетіктерін же­тіл­діру, сон­дай-ақ ветеринарлық қыз­мет, аграрлық ғылым мен кадр­ларды даярлау жүйесін жаң­ғырту жұмыс­тары туралы ай­тыл­ды. Саланы реформалаудың не­гізгі бағыттары 2021-2025 жыл­дар­ға арналған агроөнеркәсіптік ке­шенді да­мытудың ұлттық жо­басы аясында жүзеге асыры­лады. Мемлекет басшысы кездесу соңында дайын өнім шығаруды да­мытуға, егін жинау жұмыстарын уа­қытылы әрі сапалы ұйым­дас­тыруға, алдағы қыста мал шаруа­шылығын азықпен қамтамасыз етуге ба­ғытталған бірқатар тап­сыр­ма берді.