5 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ерекше экипажы бар «Союз МС-19» кемесін ұшыру жоспарланған. Ресейлік арналардың хабарлауы бойынша, бұл экипаж орбитада көркем фильм түсіреді.
Қазір шараға дайындық жүріп жатыр. Телеарна сюжетінде «Вызов» фильмін ресейлік «Роскосмос» мекемесі мен ресейлік телеарнаның бірлескен ағартушылық жобасы ретінде таныстырады. Дайындық барысында кеме командирі, ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, әртіс Юлия Пересильд, режиссер және оператор Клим Шипенко халықаралық ғарыш стансасына ұшатын костюммен жаттығу өткізіп жүргенін көруге болады. Мәлімет бойынша, олар шамамен бір айдан соң орбитаға шығады. Түсірілім тобы ғарыш стансасында 12 күн болады. Осы уақыт ішінде фильмнің үштен бір бөлігі түсіріледі. Ұйымдастырушылар экипажды орбитаға шығарып салу салтанатына Илон Маск, Ричард Бренсон мен Джефф Базосты шақырған. «Илон Маскке арнайы шақыру жолдадым. Брэнсон және Безос мырзаны да шақырғымыз келеді. Ғаламат үш ғарыш энтузиасті біздің жобаға Байқоңыр төрінде куә болса, керемет болар еді», – дейді ресейлік «Роскосмос» мекемесінің басшысы.А.ЖОЛДАС