Әскери бөлімдегі жарылыс: Таразда 221 адам арнайы жатын орындармен қамтамасыз етілді
Әскери бөлімдегі жарылыс: Таразда 221 адам арнайы жатын орындармен қамтамасыз етілді
©inform.kz

Жамбыл облысының әкімдігі Facebook парақшасында Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында болған жарылысқа байланысты тың деректерді жариялады.

Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: - 109 телефон нөмірі; - 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. Сонымен қатар - 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат болға аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған. Оның ішінде Тараз қаласында 221 адам арнайы жасақталған жатын орындармен қамтамасыз етілген. Ал Жуалы ауданы                       Б. Момышұлы ауылында 18 адам тиісті орындарға орналастырылды.

«Аталмыш жағдай орын алған аумақта Жамбыл облысының басшысы Б.Сапарбаев, еліміздің Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин қадамдар жоспарын пысықтауда», - делінген хабарламада.