Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған
Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған
©inform.kz
238
оқылды

Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған. Бұл туралы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы хабарлады.

Еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, өндірісте жұмысшылардың жарақат алуы азаймай отыр.

«Өңірде жыл басынан бері 28 жазатайым оқиға тіркелді. Соның кесірінен 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алды. Ал, 4 адам қайтыс болды», - дейді Игілік Әубәкіров.