Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери нысан қоймасында болған өрт кезінде үш әскери қызметші жоғалып кетті. Байланысқа шықпағандардың қатарында Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше қызметкері де бар. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.
«Біздің әскери бөлімде барлығы 135 адам қызмет етеді, оның ішінде бірнеше азаматтық қызметшілер мен әскерилендірілген күзет бар. Олардың басым бөлігі келісімшарт бойынша істейді. Шамамен 15 офицер. Онда мерзімді сарбаз жоқ. Біз әлі үш әскери қызметкермен байланыс орната алмай жатырмыз. Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше адамы да жоғалып кетті. Ту мен құжаттарға келетін болсақ, кейбір әскери қызметшілер соңына дейін қалып, оларды сақтады. Қазір қару-жарақ, құжаттар, ту қауіпсіз жерге көшірілді», - деді Нұрлан Ермекбаев.
Еске салайық, қоймадағы жарылыс салдарынан 4 әскери қызметкер қаза тапты. Алты адамның жағдайы ауыр.