Әнші Қайрат Нұртас "Дикий Арман" лақап атымен танылған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке желіде жазба арнап, оны туған күнімен құттықтады.
Қайрат Нұртас "Дикий Арманға" деген ақ тілегін Instagram парақшасында жолдаған. Әнші туған күн иесін өз ағасындай көретінін жасырмай айтып, оған деген сыйластығын көрсетті.Өнер иесінің жазбасына Арман Жұмагелдиев бірінші болып жауап беріп, інісіне алғысын жеткізген."Ағасы бардың жағасы бар, мен үшін биік бағасы бар, сөзінің жанға дауасы бар Арман ағамды жеке мерекесімен құттықтаймын. Бар жақсылықты тілеймін. Жақсы адам жақсылықтан айрылмасын, қазағым деп жүргендер қайғырмасын. Алла қолды ешкімге жайдырмасын. Ақиқаттың жолында жүрген адам, Құдайым тура жолдан тайдырмасын", - деп жазды Қайрат Нұртас.