Тағы бір әскеридің денесі табылды
Тағы бір әскеридің денесі табылды
©https://sputnik.kz/
152
оқылды

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылысқа қатысты  өткен  брифингте із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың барын айтқан болатын. Алайда министр олардың кім екенін нақтыламаған.

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты тікелей басқарған - Өрт сөндіру командасының бастығы Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков (1992 жылы туған) қаза тапты.

Ол оқиға орнында көз жұмған. Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдеуінше, ол 27 тамыз күні байланысқа шықпай, із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілер тізімінде болған.
Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан 4 әскери қызметші туралы мәлімдеген еді. Ресми мәлімет бойынша, Тараз маңындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан әскерилердің қатары осымен бесеуге жетті.
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы