«Арыстағы жарылыстан кейін бүкіл әскери қоймаларды тексеріп шығу керек еді» - Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров
«Арыстағы жарылыстан кейін бүкіл әскери қоймаларды  тексеріп шығу керек еді» - Еңбек Ері  Мұқаш Ескендіров
178
оқылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылыстан қаза тапқандардың саны бес адамға жетті. Бұл, әрине, ауыр қайғы. Енді мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін не істеу керек?  Екі жыл бұрынғы Арыстағы оқиға неге қорғаныс саласына жауапты мамандарға сабақ болмады? Осы сауалды Қазақстаның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіровке қойған едік.

 - Дәл қазіргідей коронавирус індеті дендеп тұрған тұста бұл “жығылғанға - жұдырық” болды. Әскери қойманың жарылуына жер сілкіну сынды табиғи жағдай  себеп болмағаны анық. Мұнда адами фактор болып тұр. Неге біз Арыс қаласындағы оқиғадан сабақ шығармадық? Екі жыл бұрын орын алған жарылыстан кейін еліміздегі бүкіл әскери қоймаларды тексеріп шығу керек еді. Жамбылдағы қайғылы жағдайға еліміздің қорғаныс саласына жауапты мамандар тікелей жауап беруі керек. Егер осыдан кейін өзге өңірдегі тағы бір әскери қоймада жарылыс болатын болса, онда жүйенің толықтай істен шығып, құрығаны. Ал Байзақ ауданындағы әскери бөлімде қаза тапқан барша бауырларымның жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Имандары саламат болсын, - дейді Еңбек Ері.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы