Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылыстан кейінгі суреттер жариялана бастады. Ауыл төбесінен түсірілген фотадан бірнеше жердің ойылғанын көруге болады. Сондай-ақ тұрғынсыз қалған елді мекеннің де жағдайы көрініс тапқан. Фотолар Tengrinews сайтында жарияланды.

Естеріңізге сала кетсек, Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 5 адам қаза тапты. Ал ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұл жағдайдан кейін отставкаға кететінін айтты.


Саятхан САТЫЛҒАНОВ,
Жамбыл облысы