Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті
© inbusiness.kz
132
оқылды

Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады elbasy.kz.

Әңгіме барысында  Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы баяндады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында мәлімет ұсынды.

Елбасы барлық зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің және төтенше жағдай салдарын жоюдың маңыздылығын атап өтті.