Елбасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады elbasy.kz.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында мәлімет ұсынды.
Елбасы барлық зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің және төтенше жағдай салдарын жоюдың маңыздылығын атап өтті.