Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше оқиға бойынша сағат 13:00-дегі жағдай туралы жедел деректерді хабарлады.
«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», - деп жазылған хабарламада.Төтенше жағдайды жоюға - ТЖМ-153 қызметкер, 46 техника, - ДП-400 қызметкер, 54 техника, - №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 техника, - №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 техника жұмылдырылды. Ұлттық Ұланнан - 520 адам және 250 адам резервте. 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.