Қарағандыда алты баланың анасы коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" Telegram каналы хабарлады. 43 жастағы әйел алтыншы баласын босанып, 10 күн өткеннен кейін облыстық перинаталдық орталықта көз жұмды. Жаңа туған нәресте аман, алайда жағдайы ауыр.
"Аталған факті бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.