2001 жылдың 8 тамызы, Тоқырау әскери бөлімі
Қорғаныс министрі: Сәт Тоқпақбаев
Әскери бөлім Балқаш қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Әскери қару-жарақ сақталған қоймада өрт шығып, жарылыс болды. Ол кезде жалындаған от пен жарылыстар апта бойы тыйылған жоқ. Ақыры соңында әскери қару-жарақ сақталған қоймалар тып-типыл болды. Әлі күнге дейін оқыс оқиғадан қанша адам зардап шеккені туралы мәлімет жоқ. [caption id="attachment_158203" align="alignnone" > Тоқырау станциясы маңындағы жарылыстан кейінгі қирандылар[/caption]2009 жылдың 20 наурызы, Арыс қаласы
Қорғаныс министрі: Даниал Ахметов
«ҚазАрсенал» ЖШС (қазіргі «Қазақтехнология» АҚ) қоймаларында жарылғыш заттар тұтанып, оқ-дәрілер жарылды. Апаттан төрт адам көз жұмды. Тағы 16 адам жарақат алды. Жарылмай қалған снарядтар бірнеше шақырым жерге ұшып барып, тұрғын үйлер мен көліктерді зақымдады. [caption id="attachment_158205" align="alignnone" > 2009 жылғы Арыстағы қоймада болған жарылыстан кейінгі көрініс[/caption]2009 жылдың 8 маусымы, Қараой кенті
Қорғаныс министрі: Даниал Ахметов
Алматы облысы Іле ауданындағы Қараой ауылынан 1 км. қашықтықта орналасқан ҰҚК-ның Шекара қауіпсіздігі қызметінің әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Қызыл жалынмен күрес жарылыс біткен соң бір күннен кейін ғана басталады. Оқиға салдарынан бір әскери қызметкер қаза табады.2013 жылдың 27 тамызы, Отар станциясы
Қорғаныс министрі: Әділбек Жақсыбеков
Жамбыл облысындағы Отар станциясы маңында оқ-дәрілерді жоюға арналған модуль жарылды. Сегіз адам қатты жарақат алып, олардың төртеуі көп ұзамай қайтыс болады. Кейбір дереккөздер бұл оқиғадан 7 адам зардап шекті десе, ал енді бірі жарылыстан жапа шеккен адамдардың саны 12-ге дейін барады деп көрсетеді. [caption id="attachment_158206" align="alignnone" > Отар кентінде отқа оранған модуль © zakon.kz[/caption]2014 жылдың 26 маусымы, Арыс қаласы
Қорғаныс министрі: Серік Ахметов
Оқ-дәрілерді жоюға арналған модуль жарылады. Салдарынан екі әскери қызметкер мерт болады. Тағы біреуінің тұла бойын күйік шалады. Оқиғаның себебі мен апатқа жауапты адамдардың есімі сол күйі жария етілмей, «жабылған қазан жабылған күйі» қалды. [caption id="attachment_158207" align="alignnone" > Арыстағы әскери бөлім қаладан 200 метр қашықтықта орналасқан[/caption]2015 жылдың 8 қарашасы, Арыс қаласы
Қорғаныс министрі: Иманғали Тасмағамбетов
Полигонда жарылғыш затты жою кезінде жарылыс болады. Екі әскери қызметкер зардап шегіп, кейін біреуі қаза болады. Жараланғандардың бірі полигонда оқ-дәрі жатқан жүк машинасы жарылды деп мәлімдеген болатын. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. [caption id="attachment_158209" align="alignnone" > Арыстағы әскери қойманың спутниктен түсірілген көрінісі[/caption]2019 жылдың 24 маусымы, Арыс қаласы
Қорғаныс министрі: Нұрлан Ермекбаев
ҚР Қорғаныс күштерінің арсеналында өрт шығып, салдарынан қоймадағы оқ-дәрілер жарылады. Апаттан екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын опат болды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, 400-ден астам адамға дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Арыс қаласындағы 7 634 тұрғын үй зардап шегіп, 500-ге жуық баспана тұруға жарамсыз болып қалды. [caption id="attachment_158212" align="alignnone" > 2019 жылғы Арыстағы жарылыс салдары © Алмаз Төлеке[/caption]2020 жылдың 26 тамызы, Байзақ ауданындағы әскери бөлім
Қорғаныс министрі: Нұрлан Ермекбаев
Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, белгісіз заттар жарылған. Дәл осы сағатта апаттан тоғыз адам қайтыс болып, 90 шақтысы жарақат алған. Жарылыстардың қаншалықты жойқын болғанын әлеуметтік желілердегі әуесқой видеокадрлардан байқауға болады. Бұл оқиғалардың барлығы дерлік қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан болған. Журналист Геннадий Бендицкий осы оқиғаларға қатысты зерттеу жүргізеді. Оның деректері бойынша, жарылыстарға көбіне-көп оқ-дәрілерді жою пунктілеріндегі құрылғылардың сапасыз болуы себеп. Сондықтан кәсіпорын қызметкерлері оқ-дәрілерді қолмен жоюға мәжбүр болады. Елімізде 2001 жылдан бергі қару-жарақ қоймаларындағы жарылыстар мемлекеттік арсеналды басқарудағы проблемаларды айқын көрсетеді. Жарылыстар нәтижесінде өлім-жітім, жарақат алу жайттары тіркеліп, жекеменшік мүлік пен қоғамдық инфрақұрылымдар бүлініп жатыр. Бейбіт күнде болып жатқан жарылыстар қала берді қоршаған ортаға да орасан зиян тигізіп отыр. Мәліметтердің бірсыпырасы @masa.media.kz парақшасынан алынды.