Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртенді

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй өртенді

Шымкентте 9-шы қабаттағы пәтерден өрт шықты.

«2021 жылы 27 тамыз, 18.02-де «101» пультіне Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт-2 ықшамауданындағы пәтер өртеніп жатыр деген хабарлама түсті. 18:15-те бірінші өрт сөндіру бригадасы 55 шаршы метр аумақтың сыртқы қаптамасы мен 18 шаршы метрдегі пәтердегі ас үйдің өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы 73 шаршы метр жер өртеген. 18.48-де өрт толық сөндірілді», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Үйден 28 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге 28 қызметкер мен 7 бірлік апаттық-құтқару техникасы жұмылдырылды.