Қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатының алтынына таласады
Қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатының алтынына таласады
Фото: Sports.kz
201
оқылды
Қазақстандық 10 боксшы Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Sports.kz. Жасөспірімдер турнирінде (2003-2004 ж.т.) финалға он қазақстандық шықты: Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдікәрім Әбдіғалым (57 келі), Ерасыл Ермек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Мәди Әміров (92 келі) және Даниял Сапарбай (+92 келі).