Жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесті
Жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесті
168
оқылды
«Nur Otan» партиясының Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының және Шымкент қаласының филиалдарына жалғызбасты аналар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар жалдамалы пәтерде тұратынын айтып, кез келген көмек түріне мұқтаж екені туралы өтініш білдірген. Жоғарыда аталған отбасылардың өтініштері бойынша «Nur Otan» партиясының аудандық және қалалық филиалдары төрағасының бірінші орынбасарлары және мәслихат депутаттары партияның «30 қайырымды  іс» акциясы аясында өтініш білдірген азаматшаларға демеушілік көмек көрсетілетін болып шешілді. «Nur Otan» партиясының аудандық және қалалық филиалдары «30 қайырымды  іс»  акциясы аясында аз қамтылған  отбасыларға  азық-түлік себеттерімен және қаржылай көмек  көрсетілді. Көмек сомасы – 1 млн 500 мың теңге.