Жаңадан тағайындалған әкім тұрғындардың тілегін орындады
Жаңадан тағайындалған әкім тұрғындардың тілегін орындады
«Nur Otan» партиясының Қаратөбе ауылдық округіне жақында ғана әкім болып тағайындалған Ғамзат Сағымбековке ауыл тұрғындары өтініш білдірді. Ауылдық округке қарасты Қызылшарық, Бектөбе ауылының жол торабында ескі су құбыры осы күнге дейін жұртшылықты мезі еткенін және қыста қар, жауын-шашын суы жоғарыдан төменге қарай ағысын күшейтіп, тар құбырға келіп тіреліп, бағыты жоқ көшпе су сол маңдағы күре жолға жайылып, жол-көлік оқиғасының көптеп тіркелуіне әкеп соққанын айтып, қалыпқа келтіруін сұрады. Тұрғындардың өтінішінен соң құбырды ауыстыру жұмыстары қолға алынды. 7 тамыз күні "Тараз-2004" ЖШС және "Бином" ЖШС құрылыс мекемелерімен келісіп, қажетті құрылыс заттары мен саңылауы үлкен су құбырын ауыл тұрғындарымен бірлесіп орнатты. Күрделі жұмыс аяқсыз қалмас үшін асфальты сүрілген 100 шаршы метрге жаңадан жол жабындысы төселіп, жолдың ені де кеңейтілді. Тұрғындар игі іс үшін алғыс білдірді.  width=