«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы аудандық мәслихат депутаты Бибігүл Жұмағұловаға Мұратсай ауылының тұрғыны, А.Құсайынов атындағы мектеп директоры Асылбек Мәлікұлы қоңырау шалып, мектептің ғимараты ескі, едені жұқа екенін айтты. Сонымен қатар мектеп жанындағы балабақшада кішкентай балаларға суық тиіп көп ауыратынын баяндап, жөндеуге көмек сұрады. Бұл өтініш бойынша аудандық мәслихат депутаты аудандық білім беру бөлімімен хабарласты, ал аудандық білім бөлімі мәселені шешу жолын өздерінің бюджетінен қарастыратынын жеткізді. Аудандық білім беру бөлімі қажетті құрал-жабдықтарды алып, мектеп жанындағы балабақшаның еденіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мұратсай ауылының тұрғыны аудандық мәслихат депутаты Б.Жұмағұловаға алғыс айтты.