Елордада карантин жеңілдетіледі: жаңа қаулы жарияланды
Елордада карантин жеңілдетіледі: жаңа қаулы жарияланды
187
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
"Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек: - бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық шараларға, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық, еске алу іс-шараларды үйде өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т.б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын», – деп жазылған құжатта.
Сенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі. 30 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.