Жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастырды
Жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастырды
Фото: dauletten.kz
154
оқылды
«Nur Otan» партиясының Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы аудандық қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келген ауылдық округ тұрғындары тұрақты жұмысқа орналастырып беруін сұраған. Өтініш иелері М.Төрежановты Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, «Көмекбаев» бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.Ахметов ауылдық округ әкімі апаратына, А.Кунтудаеваны БҚО Жаңақала аудандық мәслихат депутаты Д.Закарин "Коммунал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына, Ғ.Сергазиевты Ақжайық аудандық мәслихат депутаты Алтынай Ибрашева Тайпақ мектеп гимназиясына, А.Галетаны Қамысты ауданының мәслихат депутаты М.Ахметжанов ЖШС «Акқол» мекемесіне тұрақты қызметке орналастырды. Өтініш иелері аудандық мәслихат депутаттарына алғыс білдірді.