Ядролық қаруға қарсы бастамаларды насихаттау қажет
Ядролық қаруға қарсы бастамаларды насихаттау қажет
189
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйы­мының басшысы Роберт Флойд­ты қабылдады. Бұл ту­ра­лы Ақорданың баспасөз қыз­меті хабарлады.

Мемлекет басшысы аустра­лиялық маманды Ядролық сы­нақтарға толық тыйым салу тура­лы шарт ұйымының Дайындық комиссиясының атқарушы хат­шысы болып сайлануымен құт­тық­тап, аталған ұйымның жұмысы Қазақстан үшін аса маңызды еке­нін атап өтті. – Сіз осы саладағы тәжіри­белі, ядролық қарусыздану мә­селелері бойынша танымал са­рап­шысыз. Біз сіздермен тығыз жұмыс істеуге бейілдіміз. Қа­зақ­стан бұл ұйым­ның жақын әрі сенімді серіктесі болып қала береді. Менің Әкімші­лі­гім мен Үкімет ұйымның жұмы­сын күшейту мақсатымен тығыз әрі тұрақты байланысып тұрады, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Флойдтың Қазақстанға сапары Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Осыдан 30 жыл бұрын Семей полигоны жа­былған болатын. БҰҰ Бас хатшы­сының орынбасары ретінде Женева­дағы жұмысының тәжіри­бесімен бөліскен Мемлекет бас­шы­сы әлемдік қауымдастыққа ядролық қаруды таратпау және қарусыздану туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды деді. Роберт Флойд Мемлекет бас­шысының көрсеткен құрметіне ри­за­шылығын білдірді. Кездесу соңын­да тараптардың Қазақстан­ның ядролық қаруға қарсы баста­маларын ілгерілету мен Ядролық сы­нақтарға жаппай тыйым салу тура­лы шарт бойынша тығыз ын­ты­­мақ­тастыққа дайын екені ай­тылды.