Маңғыстау облыстық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырыста маңызды төрт мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы және Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау және облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 14 қазандағы №17/317 «Облыс әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы болды.⠀ Отырысқа Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, облыстық мәслихат хатшысы Нури Тұмышев, облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов пен Экономика және бюджеттік жоспарлау, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері қатысты. Жиналыс онлайн және дәстүрлі форматта өткізілді.⠀ Алғашқы мәселе бойынша Нұрлыбай Аққұлов баяндама жасап, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Атқарылған істердің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес құралғанын айтты.⠀ Ал екінші мәселе бойынша Маңғыстау облысының әлеуметтік маңызы бар қатынас жолдарының Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау, Ақтау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтау, Ақтау-Форт-Шевченко-Ақтау тізбесін фракция мүшелері бірауыздан қолдап, осы жобаға кететін шығынның есебін сұрады.⠀ Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша фракция мүшелері алда өтетін облыстық мәслихаттың сессиясында ынтымақпен дауыс беруге келісті. Сонымен қатар түскен ұсыныстар мен сұрақтар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, атқарылуы партия бақылауында болатыны айтылды.Мадияр ТӨЛЕУ