– Бір атқа екі адам отыра алады. Бір ерге екі адам симайды. – Кісі киімінен кір іздемей, өз киіміңді таза ұста. – Сұлулар біріне бірі ұқсамайды, албастылар бірінен бірі аумайды. – Түлкінің ізін таппай өзін таппайсың. – Тұлпары бар адамның тайға тоқымы толмайды. – Адасқан адамға алыстан естілген иттің үні қымбат. – Қаңбақтан жол сұрама, қаңғып кетуің мүмкін. – Қақпақсыз қазанның қасында сұғанақ ит жүреді. – Бетсіздер боқ басады, боқ басып жүріп топтасады. – Орманға барсаң – балтаңды, парақорға барсаң – қалтаңды ұмытпа! – Кімді боқтасаң да өз аузың былғанады. – Қартайған қасқыр қоян ала алмайды. – Еркектің еркекке, әйелдің әйелге айтқан өтірігі әйел мен еркектің бір-біріне айтқан өтірігіне жетпейді. – Мылжыңдар өздері демалады, өзгені шаршатады. – Биліктегілерге үйлесім ғана емес, келісім де, тіпті бөлісім де керек. – Түрме – тегін оқытатын университет. – Жүзік – шынжырдың бірінші шығыршығы. – Басыңды қоярға жер таппасаң, бастығыңмен ойнама! – Майға айналу үшін әуелі қаймақ болып ал. – Адамдар қызық: мансабың сәл биік болса, қызғанады. Сәл төмен болса, менсінбейді. – Әркімнің өз орны бар дейміз. Болса болар. Бірақ кейбіреудің орындарын біреулер алып қойған. – Қалың орманның қарғасы болғанша, бір бұтақтың бұлбұлы бол. – Супер ұры жүз дегенді білмейді. Оның білетіні миллион, миллиард. Миллион ол үшін ойын, ол үшін бильярд. – Қазіргі ұрылар министр болып миын ашытпайды. Ол орынға өз адамын отырғызады. – Қазіргі адамдардың бетпердесін сыпырсаңыз, біразының астынан сайтан шығады. – Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Мафия мафияның көзін ойып алады. – Кейбіреудің айтқан сөзі күлкілі: Бер жағы – ел, аржағында – құлқыны. – Ұсталмаған ұры ұлық болып жүреді. – Масты көргенде жынды жол береді.