Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың есімі аталды

Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың есімі аталды

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін қаза тапқан құтқарушылардың есімі белгілі болды, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Жарылыстан қаза болғандар саны 13-ке жетті. Олардың ішінде құтқарушылар да бар. 1. Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы; 2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы; 3. Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары; 4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы; 5. Айманов Мейіржан Қақпосынұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары.

"Сондай-ақ қаза болған үш адамның жеке бас мағлұматтары анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілу үстінде", – деді ТЖМ өкілдері.
Еске салсақ, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.